Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданының Новопокровка ауылына келіп, тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады.
Мұнда еріген су үй маңындағы аумақты алып қалды, су деңгейі 10-нан 30 сантиметрге дейінгі аралықты құрады. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр, олар туыстарында орналастырылатын болды. Мектепте және әкімдікте эвакуациялық бекет дайын.
Жалпы алғанда оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы орган, 68303 әскери бөлімінің жеке құрамынан 83 адам және 19 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жұмылдырылды, 400 дана қап төселді.
Тұрғындар су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекеттер бойынша нұсқау алды.