Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар бақтағы тоғанда қырылып жатқан балықтарды түсірген болатын. Нұр-Сұлтан әкімдігі ботаника бағында балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ботаника бағындағы тоған қолдан жасалған және тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады.
Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқылы келеді. Резервуардың тереңдігі — 0,5 метрден 3,5 метрге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған, — делінген хабарламада.
Әкімдік күн жылыған соң тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізеді.