Павлодарда фармацевтің қателігінен 3 жасар бала уланды

Полицияға кішкентай баланың улану дерегі бойынша қоңырау түскен.

Қала тұрғыны Лермонтов көшесіндегі дәріханалардың бірінде дәрігер жазып берген рецепт бойынша 3 жасар балаға дәрі-дәрмек сатып алған. Дәрі қабылдағаннан кейін баланың жағдайы нашарлап, құса бастаған. Павлодар тұрғыны дереу жедел жәрдем шақырып, бала ауруханаға «антидепрессанттармен улану» диагнозымен жатқызылған. Кейін фармацевт қала тұрғынына дәріні қателесіп сатқаны белгілі болды, — деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 317-бабы («Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау») бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да