Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жасөспірімнің туыстары қыз 4 сәуірде сағат 14.30-да 13-шағынаудан, 50Б мекенжайынан шығып, оралмағанын айтты. Қыз қызыл күртеше, қара шалбар және ақ кроссовка киген.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, басқарманың жеке құрамы мен еріктілер іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Қыздың туыстары 8 708 946 20 89 нөміріне хабарласуды сұрайды. Құқық қорғау органдарына «102» телефоны арқылы хабарласуға болады.