Netflix Уилл Смит ойнайтын фильмді түсіруден бас тартты

Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы хабарлады.

Режиссер Дэвид Литч бұл фильмді ары қарай түсіруден бас тартып, тамыз айында көрермендерге жол тартуы тиіс Universal компаниясындағы Райан Гослингтің фильмімен айналысып кетті.

Netflix фильм актері мен режиссерін алмастыра ма, әлде жобаны мүлде тоқтатады ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Еске салайық, «Оскар» рәсімінде актер Крис Рокты әйелі Джада Пинкетт-Смит туралы әзілі үшін шапалақпен ұрып жіберді. Комик сахнада Пинкетт-Смиттің шаш үлгісі туралы айтқан болатын. Ол ауруға шалдығып, бір жыл бұрын шашын алып тастаған. Кейін Уилл Смиттің өзі «Оскар» кешіндегі мінез-құлқы үшін кешірім сұрады.