2022 жылғы «Оскар» сыйлығы қай фильмдерге берілді?

Голливудтағы «Долби» театрында өткен салтанатты рәсімнің жүргізушілері — актрисалар Эми Шумер, Регина Холл және Ванда Сайкс болды.

Биыл «Оскар» сыйлығына барлығы 38 жұмыс ұсынылды. Номинациялар саны бойынша көшбасшы — «Власть пса» фильмі, ол 12 номинацияға ұсынылған, ал «Дюна» 10 номинация тізімінде бар.

«Оскар-2022» жеңімпаздары:

Үздік фильм — «CODA: Ребенок глухих родителей»;
Үздік режиссер — Джейн Кэмпион, «Власть пса»;
Үздік актер — Уилл Смит, «Король Ричард»;
Үздік актриса — Джессика Честейн, «Глаза Тэмми Фэй»;
Үздік екінші пландағы актриса — Ариана ДеБос, «Вестсайдская история»;
Үздік екінші пландағы актер — Трой Коцур, «CODA: Ребенок глухих родителей»;
Үздік бейімделген сценарий — Шан Хейдер, «CODA: Ребенок глухих родителей»;
Үздік түпнұсқа сценарий — Кеннетт Брана, «Белфаст»;
Үздік шетелдік фильм — «Сядь за руль моей машины» (Жапония);
Үздік анимациялық фильм — «Энканто»;
Үздік деректі фильм — «Лето соула»;
Үздік оператор — Грег Фрейзер, «Дюна»;
Үздік визуалды эффекттер — «Дюна»;
Үздік монтаж — «Дюна»;
Үздік дыбыс — «Дюна»;
Үздік түпнұсқа саундтрек — «Дюна»;
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм — «Стеклоочиститель»;
Үздік қысқаметражды фильм — «Долгое прощание»;
Үздік қысқаметражды деректі фильм — «Королева баскетбола»;
Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы — «Дюна»;
Үздік костюмдер — «Круэлла»;
Үздік макияж және шаш үлгісі — «Глаза Тэмми Фэй»;
Үздік ән — Билли Айлиш және Финнеас О’Коннелл, «No Time To Die».

Ұйымдастырушылар биыл алғаш рет салтанатты шара алдында сегіз номинация бойынша (грим және шаш, түпнұсқа музыка, дыбыс, монтаж, қысқаметражды анимациялық фильм, қысқаметражды деректі және қысқаметражды көркем фильм) жеңімпаздарды жариялауды ұйғарды.