Басты бетЖаңалықтарАлматы облысы...

Алматы облысы қалай бөлінетіні белгілі болды

Облыс әкімінің айтуынша, Жетісу облысының аймағына 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ, ал Алматы облысына 9 аудан, 1 қала мен 380 ауылдық округ кіреді.

Алматы облысының бөлінуі екі аймақтың дамуына қуатты серпін береді. Біз Қазақстан Президентінің әкімшілік-аумақтық құрылым туралы Жарлығын қабылдау бойынша іс-қимыл алгоритмін жасадық. Облысты бөлу бойынша жұмыс комиссиясы құрылды, оның құрамына облыстық басқармалар мен аумақтық органдардың тиісті басшылары кіреді. Алматы облысының шекарасын оның аумағынан шығару арқылы өзгерту туралы Үкімет қаулысының жобасы дайындалды, — деді Қанат Бозымбаев.

Еске салайық, 16 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының екіге бөлінетінін, Алматы облысының орталығы Қапшағай, Жетісу облысының орталығы Талдықорған болуы керек екенін айтқан болатын. Оған қоса Қапшағайдың атауы Дінмұхаммед Қонаев болып өзгерді.