Алматы облысы екіге бөлінеді

Алматы облысына қатысты түйкілдер көп. Облыс тұрғындары негізінен осы қала төңірегінде шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені сонау Талдықорғанда отырып шешу оңай емес. Облыс орталығына жету үшін тұрғындар өте алыс жол жүруге мәжбүр. Осы және басқа да жайттарды ескеріп, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Енді Жетісу және Алматы облысы құрылады, — деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге ол Алматы облысының орталығы Қапшағай, Жетісу облысының орталығы Талдықорған болуы керек екенін айтады.

Бұл аймақтарды дамыту ісіне қолжетімділік береді деп санаймын. Жалпы жаңа облыстардың құрылуы — көпшіліктің көкейінде жүрген мәселе. Кезінде облыс мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғын саны азайып, тұрмыс сапасы азайып кеткені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыру керек, — деді президент.