Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Қазір әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр, бірақ рейстер кешігіп жатыр. 36 рейстің қону, 28 рейстің ұшу уақыты шегерілген. 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райының қолайсыздығы және ұшақтың кешігіп келуі себеп, — деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Ол жолаушылардан әуежайдың ақпараттық қызметтері мен әуекомпанияның байланыс орталықтарынан рейстердің кешігуі, сонымен қатар тоқтатылуы туралы ақпаратты нақтылап алуды сұрады.

Кешеден бері әуежайда, оның ішінде ұшу-қону жолағында да қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жолдарда көктайғақ болғандықтан, жолаушылардан сақ болуды сұраймыз, — деді Әнуар Шалекенов.