Тоқаев Герлиц пен екі жаттықтырушыны «Құрмет» орденімен марапаттады

Бейжіңдегі XIII қысқы паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен наградталды:
  1. Герлиц Александр Александрович – «Қазақстан Республикасының ұлттық паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы;
  2. Жданович Антон Владимирович – «Қазақстан Республикасының ұлттық паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы;
  3. Коломиец Василий Сергеевич – «Қазақстан Республикасының ұлттық паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.
XIII қысқы паралимпиада ойындары 2022 жылы 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтті, оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Бір қола медальмен Қазақстан құрамасы 17-орыннан көрінді.