Александр Герлиц Бейжіңдегі паралимпиадада алғашқы жүлдені алды

Спортшы үшінші орынды парабиатлоннан 10 шақырымдық (LW6) жарыс бойынша алды.

Мәреге бірінші болып канадалық Марк Аренц жетті. Екінші орын украиналық Григорий Вовчинскийге бұйырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Герлиц жүлдесімен құттықтады.

Бейжіңде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды.  Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі.  Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!, — деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.