«Біздің сүйікті дәрігер» Юрий Померанцев қайтыс болды

Юрий Померанцев 1923 жылы 11 ақпанда Киевте туған. Әкесі репрессияға ұшырағаннан кейін отбасы Мәскеуге көшіп кетеді. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазанда жауынгер курсынан өтіп, Солтүстік-Батыс майданына аттанады. Ауыр жараланып, тылға оралғаннан кейін бір жылдан соң — 1943 жылы анасы эвакуацияланған Алматыға келеді.

Қазақстан астанасында Абай атындағы опера және балет театрында хор артисі, 1945-1953 жылдары Қазақстан балалар мен жасөспірімдер театрында актер болды, 1953-1954 жылдары Саратов балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді, 1954 жылдан бері қазіргі М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актеры. Театрда режиссер әрі драма студиясының жетекшісі де болды.

Юрий Померанцев «Даладағы қайың», «Біздің сүйікті дәрігер», «Жол түйісі», «Атамекен», «Чапай түлектері», «Азат ету», «Ән айтудан төрт», «Солдаттар отаны», «Джельсоминоның сиқырлы дауысы», «Өзгенің бақыты» көркем фильмдерінде ойнады. Қалың көпшілікке талантты режиссер, КСРО халық артисі Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі ақ халатты абзал жан Анатолий Лавров ролімен танымал. Музыкалық картинада 33 жастағы Юрий Померанцев 60 жастағы дәрігер ролін сомдады.

Baribar.kz редакциясы театр және кино актеры Юрий Померанцевтің отбасына қайғырып көңіл айтады.