Басты бетҚоғамТоқаев реформаларының...

Тоқаев реформаларының орындалуына алматылықтар барынша ат салысатынына сенімді

Ол ұлыс күнін алматылықтармен бірге қарсы алу үшін қалаға арнайы келгенін айтты.

Алматы — тәуелсіздігіміздің бесігі. Халқымызға оралған ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталды. Алматы — қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы. Зиялы қауым, өнер, білім, ғылым, бизнес саласының өкілдері осында шоғырланған. Кешегі Қаңтар оқиғалары кезінде алматылықтар зор қауіп-қатерге төтеп берді. Сын сағатта қала тұрғындары нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті. Біз ауызбіршіліктің арқасында мемлекетімізді сақтап қалдық, мен шаhарды қалпына келтіру үшін құзырлы органдарға нақты тапсырмалар бердім. Алматыны өркендету және жергілікті жұрттың тұрмыс сапасын жақсарту менің айырықша назарымда, — деді ол.

Президент сонымен бірге осыдан бірнеше күн бұрынғы халыққа жолдауында елімізді түбегейлі жаңғыртуды көздейтін ауқымды реформалар ұсынғанын айтты. Тоқаев оның орындалуына алматылықтардың барынша ат салысатынына сенімді.

Саяси реформалар мемлекеттік басқару жүйесін өзгертуге бағытталған. Шын мәнінде, жаңа Қазақстанды құру дегеніміз мемлекет аппаратын жаңғырту емес. Бүкіл қоғам, әрбір адам өзгеруі керек. Әр азамат еліміздің өркендеуін өз үлесін қосуға ұмтылуы қажет. Бүгінгі алмағайып, құбылмалы заманда береке-бірлік және тұрақтылықты сақтау білу өте маңызды. Осыны әрқайсымыз терең түсінуге тиіспіз. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Қазір біздің алдымызда зор міндеттер тұр және ауқымды жұмыстар бар. Оны жүзеге асыруға алматылықтар барынша ат салысады деп сенемін. Қала тұрғындарына аманшылық тілеймін, — деді мемлекет басшысы.