Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

«Мәскеудегі Қазақстанның елшісі етіп Иманғали Тасмағамбетовты тағайындадым. Біріншіден, біз үшін Ресей өте үлкен көрші, әріптес, экономика, саясат жағынан да өте жақын мемлекет. Ол жерге өте тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы жағдайды білетін адам керек. Екіншіден, Тасмағамбетовтың өзінің сұрауы солай болды. Сол жақта істеп келейін деп сұранғаннан кейін оны да ескердім. екі жағынан да тура келетін болғаннан кейін елші етіп тағайындадым. Премьер-министр орынбасарларының аз болғаны жөн. Министрлер өз шаруаларын ешкімге сілтемей, өздері бітіру керек», — деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

ДереккөзEgemen.kz