Qazaq Air, Air Astana, SCAT компаниялары Ақтөбеге рейстерін тоқтатты

Тоқтатылған рейстер:
  • Нұр-Сұлтан – Ақтөбе – Нұр-Сұлтан
  • Ақтөбе – Атырау – Ақтөбе
  • Ақтөбе – Қазан – Ақтөбе
  • Ақтөбе – Түркістан – Ақтөбе

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады,- делінген хабарламада.

16 наурызда Air Astana әуежайының жабылуына байланысты 17 наурыз бен 17 сәуір аралығында Ақтөбеге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты.

Ал SCAT әуекомпаниясы 31 наурызға дейін рейстерін тоқтатты. Жолаушылар билет құнын толық қайтара алады.

Айта кетейік, азаматтардың ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осы жылдың 17 наурызынан бастап бұзушылықтарды жойғанға дейін Ақтөбе әуеайлағының ҰҚЖ пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі ұшу-қону жолағында қауіпті ақаулар жоқ және Air Astana, SCAT және Qazaq Air әуекомпаниялары ұшуды тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ деп сендірген болатын. Жөндеу екі аптаға созылуы керек еді.