17-19 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сондықтан аяз, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде термометр бағандары 20-28 градус аязға дейін жетеді.

Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон мен соған байланысты атмосфералық фронт әсер етеді. Жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді. Көктайғақ болып, ауа температурасы күндіз 0-10 градус жылы ауа температурасына дейін, түнде 0-10 аязға дейін төмендейді. Республикада тұман түседі, — делінген хабарламада.