Moonshuaq
Қазір қыздар тақияларды тек ұзату тойда немесе мерекеде емес, күнделікті киімдерімен үйлестіріп киіп жүр. Мұндай дизайны ерекше әрі түрлі-түсті тақияларды Moonshuaq дүкенінен сатып ала алуға болады. Бағасы — 9 990 теңге.
Бұған қоса, дүкеннен Taqiyaly perishte, Qazaqsha vibe, Tungiyq, Dara сияқты жазуы бар футболка мен свитерлерді, Tumar, Ai-hansha сырғаларын, қазақы стильдегі шопперлерді табуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Qulankz
Қазақы әрі заманауи тақияларды қыздар да, ерлер де Qulankz онлайн-дүкеннен сатып алуына болады. Тақияларды бүктеп қалтаға немесе қол сөмкесіне салып жүруге ыңғайлы, бағасы 10 000 теңгеден басталады.
Сонымен бірге мұнда тәсбих, свитшот, аяқкиім, кепка, шоппер және жұптарға арналған киімдер сатылады. Бұл дүкеннен бір зат алсаңыз, екіншісіне 30% жеңілдік жасалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ulttyq_kz
«Сіз қарапайым киім үшін тым ерекшесіз» дейді Ulttyq_kz дүкені. Бұл дүкен көктемде сәнді әрі жылы жүргісі келетін әйелдер қауымына жекет, жемпірлер ұсынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Zhanat_baqyt_san_yii
Көйлек, шапан, жекет, сөмке, әмиян, сырға, орамал, спорт киімдері, етік, белдік, ерлер шапаны. Мұның бәрі қазақы нақышта және мұның бәрі Zhanat Baqyt сән үйінде бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Qazaq___kiym_alemi
Бұл дүкеннің ерекшелігі көйлектерді жалға береді, сонымен бірге тапсырыс берушінің қалауын ескеріп, эксклюзив көйлек тігіп береді. Адамдар бұл жерден көбіне той, ұзату, мерекелік шараларға арналған киімдерді сатып алады. Жалға алатын киімді, дүкенге барып, киіп көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram