Басты бетЖаңалықтарКәрім Мәсімовті...

Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі ұзарды

Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

Парламент мәжілісінің отырысында бас прокурор Берік Асылов ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-басшысы Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы мен оның үш орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. ҰҚК мәліметінше, тергеу барысында Кәрім Мәсімовтің әрекетінде көптеген сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің белгілері анықталған.