Алматы әуежайынан халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады,- делінген хабарламада.
ҚР үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан басқа мемлекет тарапынан ресми өтінішке жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді,- делінген хабарламада.