Украинадан 49 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

2022 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша, Украинадан қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 57 жүк автокөлігінің 49-ы шықты. Осылайша бұл елдің аумағында 8 жүк көлігі, оның ішінде украиндық жүргізушілер айдайтын Қазақстанның 4 жүк көлігі қалып отыр, — делінген хабарламада.

Ведомство ақпаратынша, Украинада қазақстандық меншік иелеріне тиесілі 1 457 жүк вагоны тұр. Оларды басқа бағыттарға жіберу жұмыстары жалғасып жатыр.

Халықаралық тасымалда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін индустрия министрлігі, «Қазақстан темір жолы» және Қазақстанның теңіз порттары жанынан «қауырт желі» ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Министрлік Ақтау және Құрық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Жүктер бөгеліп жатқан жоқ.