Қазақстанның бірқатар өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Батыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан автокөліктің барлық түрі үшін (Орал — Тасқала а/ж — РФ шекарасы, 0-104 километр) қозғалыс шектелді.

Павлодар облысында Омбы-Майқапшағай жолының 426-526 шақырымында – Кенжекөл ауылынан Аққұлына дейінгі учаскеде, сонымен қатар Павлодар-Шарбақты тасжолында Павлодардан РФ шекарасына дейінгі жол учаскесі де жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында тау жағдайына байланысты жүк көліктері үшін Осинов асуындағы қозғалыс шектелген (Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары, 46-66 километр).

Маңғыстау облысында, керісінше, жел салдарынан жабылған жолдар ашылды. «Ақтау – Жетібай», «Жетібай – Жаңаөзен», «Жетібай – Шетпе», «Шетпе – Бейнеу» және «Бейнеу – Доссор» жолы бойынша қозғалыс қайта жанданды.