Тоқаев Маңғыстау облысындағы еңбек ұжымдарының шеруіне қатысты тапсырма берді

Менің тапсырмама сәйкес, өңірді кешенді дамытуға қатысты жоспар қабылданды. Бұл құжат биыл тағы да пысықталды. Оған сәйкес қомақты қаражат бөлінді. Ол бірінші кезектегі міндеттерді шешуге жұмсалады. Сондықтан істі созбай, дереу жұмысқа кірісу керек, — деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған шараларға қарамастан еңбек ұжымдарының наразылығы күшейіп келе жатқанын айтты.

Жұмысшылардың барлық талабын мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілері мен жұмысшылары шеруге шығып жатқан компания иелеріне сындарлы диалог орнату қажет. Қабылданған шешімдердің барлығын қарапайым жұмысшыдарға дұрыс түсіндіру керек. Проблемамен айналысуды әкімдікке жүктеп қоюға болмайды. Оларды қолдап, туындаған мәселелерді бірлесе қараған жөн. Проблемаларды шешу үшін Үкімет пен «Самұрық-қазына» бірлесе жұмыс істеуі керек. Қажет болса, Үкімет арнайы комиссияны Маңғыстау облысына жіберу керек, — деді президент.