Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Бұл санаттағы жәбірленушілерге төленетін өтемақының жалпы сомасы 451 миллион теңге болды.

«Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесі басқармаға қаза болғандар мен ауыр жараланған әскери қызметкерлердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлеріне белгіленген қаржыны төлеуді тапсырды.

Қор құзырлы органдармен адам құқықтары және балалар құқықтары жөніндегі уәкілдердің қорға берген тізімдерінен кездейсоқ құрбан болған азаматтардың өлімінің мән-жайын пысықтауы керек.