«Қазақстан халқына» қаңтар оқиғасында қаза тапқан бейбіт тұрғындардың отбасына көмектеспейді

Оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған әскери қызметшінің, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің, азаматтық тұлғаның отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек беріледі. Ауыр жарақат алған әскери қызметшілерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сонымен бірге жараланған балалардың әрбір отбасына 3 миллион теңгеден бөлінеді, — делінген қордың сайтындағы хабарламада.

«Қазақстан халқына» қорына қорғаныс министрлігінен, ішкі істер министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінен, республикалық ұланнан 21 адамның қаза тапқаны және 94 адам ауыр жараланғаны туралы ақпарат түскен.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин үш баланың қаза тапқанын және төртеуінің жарақат алғанын, сонымен бірге бір көп балалы ананың қайтыс болғаны туралы мәлімет берген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімованың деректерінде қаңтар оқиғасында кездейсоқ құрбаны болған 29 азамат туралы айтылады. Осы тізімдегі үш адам бала құқықтары жөніндегі уәкілдің тізімінде, екеуі ұлттық қауіпсіздік қызметінің тізімінде қайталанады.