Қазақстандық актер Арман Асенов «Оскар» алды

Айта кетейік, спорттық «Оскар» жүлдесі әлемдік кинемотография саласында белсенді еңбек етіп жүрген спортшыларға, жаттықтырушыларға, сондай-ақ каскадерлерге беріледі.

«Осындай жүлдені тағайындағандарға ризамын, өйткені кино мен спорт белгілі бір өмір сүру образын насихаттайды, қоғамға пайдасы мол. Салтанатты шараға Универсиада үшін бара алған жоқпын, өз елімнің азаматы ретінде мұндай маңызды шарадан бас тарта алмадым. Сондықтан марапаттау салтанатына менің орныма қызым Ариэль кетті. 29 қаңтар мен үшін мереке ретінде есімде қалды: мен спорттық «Оскар» алдым және қысқы ойындардың ашылу салтанатына қатыстым», — дейді Арман Асенов.

Айта кеткен жөн, Арман Асенов – Жауынгерлік өнер Халықаралық академиясы тағайындаған беделді жүлдені иеленген Қазақстандағы алғашқы актер. Мұндай жүлдеге бұрын-соңды Кэри Тагава, Синтия Ротрок, Кевин Сорбо, Саша Митчелл, Джеймс Лью және басқа да танымал жұлдыздар бар.

Арман Асенов «Десант», «Степной экспресс», «Возвращение в «А» фильмдері арқылы танымал. Сондай-ақ ол 20 киножобаның продюсері ретінде де белгілі. Продюсерлік жұмыстарының арасында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» тарихи драмасы да бар.

Қазіргі уақытта Арман Асенов «Дворец Республики» ЖШС директоры қызметін атқарады.

ДереккөзBaq.kz