Алматыда бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

Ерболат Досаев мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар жылы аясында әкімдік қажетті жұмыс жүргізгенін атап өтті.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Алматы мемлекеттік мектептерінің барлық бастауыш сынып оқушылары (1-4 сыныптар) әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалардың сапалы тамақтануын ұйымдастыру үшін білім басқармасы теңгерімді және әртүрлі рационды құру мәселесін пысықтады,- деді Алматы әкімі.

Қаржыландыру мәселесі жергілікті бюджетті нақтылау шеңберінде 4 наурызда мәслихатта қаралады.