Ерболат Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты

Алматы әкімдігі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасы бойынша қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.

Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда — 19 учаске, оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2020 жылы күзде Алматы тұрғындары «Самал-3» шағынауданындағы жалғыз саябақ аймағындағы тұрғын үй кешені құрылысына шағымданған еді. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың рұқсатынсыз құрылысқа рұқсат бермеуді тапсырды.