Қазақстанда ұялы байланыс операторлары цифрлық құжатты қабылдайды

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электрон үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек.

Цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобайл қолданбасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында «Цифрлық құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу керек.

Процедураны орындау үшін Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR кодын сканерлейді және биометриялық деректер арқылы клиенттің жеке басын куәландырады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғайлылық, қауіпсіздік және тиімділік бүгінде біздің басымдылық болып табылады. Бұған дейін кейбір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлық құжаттарды қабылдай бастады, бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық,- деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметінде 18 құжат тіркелген, олардың ішінде ең танымалдары: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сынағы және туу туралы куәлік.

Beeline-ның қызмет көрсету кеңселеріне қандай да бір себептермен жеке куәлігін алмаған (алуды ұмытып кеткен, алу керегін білмеген және т.б.) клиенттер жиі келеді. Біз клиентке қажет қызметті, сәйкестендіруден өтпей ұсына алмаймыз. Цифрлы құжаттардың енгізілуімен, әрбір ықтимал абонент нақты құжаттарсыз қызмет ала алатын болды, бұл — біздің бөлімшелерде сервисті еркін әрі қарапайым түрде алуға мүмкіндік береді, — дейді Beeline Қазақстанның cату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Кабдрахимов.

Бұған дейін қазақстандықтар цифрлық құджаттарды әуежайларда, теміржол вокзалындағы вагондарда, банктер мен нотариус қызметтеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүмкіндік алды.

Жүйелердің интеграциясы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы және Beeline Қазақстан көмегімен жүргізілді.