Бауыржан Омарбеков ұлттық экономика вице-министрі болды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бауыржан Омарбеков 1983 жылы Түркістан облысында туған.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын 2005 жылы «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы менеджері қызметінен бастаған.

2006 жылдан 2015 жыл аралығында банк жүйесі мен коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015 жылы Түркістан облысы кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасында басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2021 жылдары Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі, 2021 жылғы ақпаннан қазіргі уақытқа дейін ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.