Ордабасы ауданында жаңа кәсіп түрі дамыды

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, кезінде 200 калифорниялық шы­лаушын сатып алған кәсіпкер, бүгінде 50 000 000 шылаушын асырап отыр.

Кәсіптің тиімділігі: калифорниялық шы­лаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады. Агросектрға бағытталған ауданымыз үшін органикалық тыңайтқыштың бұл түрі өнімділікті арттыруда, үй шаруашылығы секторында 2 өнім табиғи таза өнім алуда және әр бір азамат өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.

Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат Патеев үй шаруашылығы секторында 2 000 бас калифорниялық шы­лаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді.

 

Ордабасы ауданы, кәсіпкер

Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Қызығушылық танытқандар +7 700 307 94 91 нөміріне хабарласуына болады.