Басты бетЖаңалықтарАлматы маңында...

Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды

Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Вольчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде біреуі есінен танып қалған. Жанындағы ер адам құтқарушыларды шақырды.

Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатты. Құтқарушылар оны таудан шығарып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар тауға шығар алдында бағыт биіктігін ескеруге кеңес береді.

1 500-1 600 метрден асатын биіктікке акклиматизация бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ адамдарға біртіндеп көтерілу керек. GPS навигатор, телефонды қуаттайтын қосымша құрал, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер, ауыстыратын киім сияқты міндетті заттардың ішінде алғашқы көмек жинағы болуға тиіс, — деді мамандар.