Украинада 90 күн бойы жаппай жұмылдыру жүргізіледі

Бейсенбіде украиналық УНИАН ақпараттық агенттігі Telegram-да Владимир Зеленский Украина жоғарғы радасына жалпы жұмылдыру туралы заң жобасын ұсынғанын хабарлады.

Қаулыға сәйкес, Винница, Волынь, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпатье, Запорожье, Ивано-Франковск, Киев, Кировоград, Луганск, Львов, Николаев, Одесса, Полтава, Ровна, Сумы, Тернополь, Харьков, Херсон, Хмельницкий, Черкассы, Черновцы, Чернигов облыстары, Киев қаласы аумақтарында 90 күн ішінде жаппай жұмылдыру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағанын жазды.

Владимир Зеленский елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді.