Путин Донбаста арнайы әскери операция өтетінін мәлімдеді

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, федерация кеңесі санкциясымен және федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым, — деді Владимир Путин.

Ол Ресейдің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ел азаматтарына үндеу жасап, Луганск пен Донецк халық республикаларының егемендігін тану туралы шешім қабылдады. Үндеуден кейін Владимир Путин Кремльде ЛХР мен ДХР-ды тану туралы жарлықтарға қол қойған болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үндеуінде елдің халықаралық деңгейде танылған шекарасы өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді.