Зеленский: Украина аумағында әскери жағдай жариялаймыз

Бұл туралы Украина басшысы Донбасста Ресейдің арнайы әскери операциясы басталғаннан кейін Instagram әлеуметтік желісіндегі видеоүндеуінде айтты.

Бүкіл ел аумағында әскери жағдай жариялаймыз. Бір минут бұрын мен президент Байденмен сөйлестім. АҚШ халықаралық қолдауды жинай бастады. Біз тыныштық сақтаумыз қажет. Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Украинаның барлық қауіпсіздік және қорғаныс секторы жұмыс істейді. Дүрбелең туғызбайық. Бәріне дайынбыз және бәрін жеңеміз. Өйткені біз — Украинамыз, — деді Владимир Зеленский видеоүндеуінде.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады.