Зеленский: Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үздік

Біз Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үздік. Біз қару-жарақ таратып жатырмыз және жерімізді қорғау үшін барлығын жасаймыз, — деді Владимир Зеленский брифингте.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский 24 ақпанға қараған түні Ресей азаматтарына орыс тілінде видеоүндеу жасады.

Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Twitter-де Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағанын жазды.

Владимир Зеленский елде әскери жағдай жарияланғанын мәлімдеді.