Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғасы:...

Қаңтар оқиғасы: 6 адам уақытша ұстау изоляторларында қайтыс болды

Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында бас прокуратураға қарасты арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, азаптау деректерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергейді. Ал арнайы прокурорларға адам өлімі сияқты салдарға соқтырған азаптау деректері бар істер келіп түседі.

Біздің ақпаратымыз бойынша, осындай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында 3 адам және Талдықорғанда 1 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, Талдықорған тұрғынын үтікпен азаптауға байланысты резонанс тудырған істі қарап жатырмыз. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз, — деді Ризабек Ожаров.