Аралға жақын жерде АН-2 ұшағы өртенді

Бүгін сағат 12:30-да Аралдан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерге қону кезінде «Тараз Жаңа Әлем» жеке авиакомпаниясының АН-2 әуе кемесі өртенді. Әуе кемесі Қызылорда – Арал бағыты бойынша TJA5217 санитарлық рейсін орындады, — делінген ведомство хабарламасында.

Бортта экипаждың 2 мүшесі және 1 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаменті тергеу жүргізеді.