Басты бетЖаңалықтарАлматыда таза...

Алматыда таза ауа үшін митинг өтеді

Алматы әкімдігіне хабарлама 8 ақпанында түскен. Онда қаланың экологиялық жағдайына алаңдаушылық білдіру мақсатында сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін «Шоқан Уәлиханов» атындағы саябақта митинг өткізу сұралған. Қатысушылардың болжамды саны 20-дан 60 адамға дейін.

Басқарма хабарламасына сүйенсек, митинг «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң талаптарына сай.

Заңға сәйкес, Алматы әкімдігінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 1/35 қаулысы бойынша көрсетілген митингіні өткізуге келісім берілді, — делінген хабарламада.