22.02.2022. Қазақстанда неше жұп неке қидырды?

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, 22.02.2022 жылы 1 648 неке тіркелген.

Былтыр дәл осы күні — 22.02.2021 жылы тіркелген неке саны – 1 325.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ақпараты бойынша бүгін eGov.kz порталы бойынша некені онлайн тіркеуге келіп түскен өтініштер саны Қазақстан бойынша 779, оның 129-ы — Нұр-Сұлтанда. 2022 жылдың басынан бері барлығы 23 394 өтініш келіп түскен, — делінген хабарламада.

Министрлік тіркелген некелер мен  eGov.kz порталы бойынша берілген өтініштер санында айырмашылықтар болуы мүмкін ескертті. Себебі азаматтар өтініштерді онлайнмен бірге офлайн АХАТ органдарында да бере алады.