Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда зейнетақының...

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,4 миллиард теңге бағытталды.

Қазақстанда 2 миллион 245 мың зейнеткер тұрады. 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 105 291 теңгені құрады, — делінген хабарламада.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сонымен қатар егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.

Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 74%-ін, 30 жылда күнкөріс деңгейінің 94%-ін құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде белгіленеді. Егер бір ай ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы соғұрлым көп болады,- делінген хабарламада.