Басты бетҚоғамОтбасы банкі...

Отбасы банкі жалға берілетін тұрғын үйге субсидия алу тәртібін түсіндірді

Олар:

— 1 және 2 топтағы мүгедектер;

— мүгедекті бар баласы бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

— жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

— көпбалалы отбасылар.

Субсидия алуға үміткер Otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) тіркелуі қажет. Оны электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен жасауға болады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек.

Порталда тіркелгеннен кейін субсидия алуға өтініш беруші оған төлемдер тағайындалуы үшін стандартты өтініштерді толтырып, өзіне қолайлы пәтер немесе үй табады. Жалға алу келісімшарты порталда үлгі нысаны бойынша автоматты режимде рәсімделеді. Оған сонымен бірге платформада субсидия алуға өтініш беруші (жалға алушы) мен баспананы жалға беруші қол қояды.

Жеке куәлік, неке немесе некені бұзу туралы куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері, тұрғын үйдің бар-жоғы туралы анықтамалар, тіркеу және кіріс туралы мәліметтерді Отбасы банк мемлекеттік органдардың деректер базасымен бірігуі арқылы дербес тексереді. Субсидия алуға өтініш беруші туралы барлық деректі тексергеннен кейін біз шот ашуға көмектесеміз. Өтініш беруші оған жалдау құнының жартысын аударуы керек. Содан кейін Отбасы банк қалған 50%-ін қосып, жалпы соманың 100%-ін жалға берушінің шотына аударамыз, — деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Фото: Отбасы банкі

Жалдамалы баспананы отбасылар өздері іздейді. Оның құнын есептеу кезінде бірнеше факторды ескеру қажет. Олар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында белгіленген. Құжат бойынша жалға алынатын тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құны айлық есеп көрсеткіштің жылдық деңгейі мен облыс немесе қаланың белгіленген коэффициенті негізінде қалыптасады.

Сонымен бірге ережелерде жалдамалы үйдің немесе пәтер аумағының ең жоғарғы көлемі анықталған. 1-3 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 40 шаршы метрден, 4-5 адамнан тұратын отбасы үшін тұрғын үйдің ауданы 60 шаршы метрден, ал саны 6 және одан да көп отбасы мүшелері үшін тұрғын үйдің ауданы 80 шаршы метрден аспауға тиіс. Егер тұрғын үй ауданы кеңірек болса, онда жалға алушы айырмашылықты өз есебінен төлейді.

Мысалы, Алматы тұрғындары үшін 1 шаршы метр құны 2 759 теңге болып белгіленді. Тиісінше, үш адамнан тұратын отбасы шамамен 110 000 теңге тұратын жалдамалы баспана ала алады.

Фото: Отбасы банкі

Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша ай сайын төлейді. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сонымен бірге жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда Otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.

Отбасы банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексереді.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бойынша жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сонымен бірге қайта жалға өткізуге тыйым салады.

Фото: Отбасы банкі

Еске салайық, отбасының кейінгі 6 айдағы жиынтық табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (36 018 теңге) аспауға тиіс.

Аймақ Коэффи

циент

1 ш.м. арналған төлем мөлшері 3 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін 5 адамға дейінгі отбасы мүшелері үшін 6 және одан көп отбасы мүшелері үшін
Нұр-Сұлтан 1,11 2 759 110 378 165 568 220 757
Алматы 1,11 2 759 110 378 165 568 220 757
Шымкент 1,43 2 142 85 678 128 518 171 357
Ақмола облысы 1,95 1 571 62 831 94 246 125 662
Ақтөбе облысы 1,75 1 750 70 011 105 017 140 023
Алматы облысы 1,61 1 902 76 099 114 149 152 199
Атырау облысы 1,41 2 172 86 894 130 340 173 787
Шығыс Қазақстан облысы 1,78 1 721 68 831 103 247 137 663
Жамбыл облысы 2,24 1 367 54 696 82 045 109 393
Батыр Қазақстан облысы 1,82 1 683 67 319 100 978 134 637
Қарағанды облысы 1,52 2 015 80 605 120 908 161 211
Қостанай облысы 1,99 1 539 61 568 92 352 123 136
Қызылорда облысы 2,14 1 431 57 252 85 879 114 505
Маңғыстау облысы 1,3 2 356 94 246 141 369 188 492
Павлодар облысы 1,55 1 976 79 045 118 568 158 090
Солтүстік Қазақстан облысы 1,92 1 595 63 813 95 719 127 625
Түркістан облысы 1,33 2 303 92 120 138 181 184 241