Тоқаев тағы да мемлекеттік арнаға сұхбат берді

Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді, — деп жазды Берік Уәли.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейінгі алғашқы сұхбаты 29 қаңтарда «Хабар 24» телеарнасынан көрсетілген еді.

Берік Уәли сол кезде сұхбат неге орыс тілінде болғанын түсіндіріп, президенттің келесі сұхбаты қазақша болатынын хабарлады.

Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік. Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек «Хабар24» телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады, — деді президенттің баспасөз хатшысы.