Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы тәртіпсіздік:...

Алматыдағы тәртіпсіздік: 600-ден астам кәсіпкерге өтемақы төленді

Almaty.tv телеарнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, мемлекеттен көмек алуға 2 мыңнан аса кәсіпкер өтініш берсе, оның 200-ге жуығы құжаттың толық болмауына байланысты қабылданбаған.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқарма өкілінің айтуынша, тек бүгіннің өзінде 56 нысан бойынша шешім бекітілді.

Бүгінгі комиссия бойынша 198 нысанның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Өйткені олар өтінім берген кезде құжаттарын толық тіркемеген. Соған байланысты біз қабылдамай отырмыз. Бірақ олардың құжаттарын толтырып, қайта өтінім беруге мүмкіндігі бар, — деді кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қанат Сағындықов.