Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғалары...

Қаңтар оқиғалары кезінде тергеу изоляторларына 267 адам дене жарақатымен түсті

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде тергеу изоляторларына 267 адам дене жарақатымен түсті. Олардың 33-і қалалық ауруханаларда емделді. Қалғандарын тергеу изоляторларының медициналық қызметтері емдеді. Бірақ оларды үнемі азаматтық дәрігерлер қарап жүр. Олар жарақаттарын жаппай тәртіпсіздік кезінде, әкімшілік ғимараттарға, қызметкерлерге шабуыл жасағанда алған. Біз оларды тергеу изоляторына қабылдаған кезінде тіркедік, — деді төраға орынбасары ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда қамаудағы тек 1 адам Тараз ауруханасында, тағы 30 адам басқа тергеу изоляторларында емделіп жатыр.

Біз қамауға алынғандардың туыстарын уайыдамауға және жақындары туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Тікелей мекемелерге барыңыз. Ол жерде сіздер ақпаратты медициналық қызметкерлерден ала аласыз. Мекемелерден алшақ жерде тұратын туыстар үшін қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде және аумақтық департаменттерде колл-орталықтар жұмыс істейді. Қоғамдық комиссиялар, депутаттар, қоғамдық мониторинг топтары тергеу изоляторларына барғаннан кейін оларға ұстаудың тыйым салынған жағдайлары туралы қандай да бір шағым түскен жоқ, — деді Мейрам Аюбаев.