ТЖМ: Елімізде қар құрсауында қалған 37 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар жабылды.

Елімізде қар құрсауында қалған 37 адам, соның ішінде 2 бала құтқарылды. 10 автокөлік қар құрсауынан шығарылды, — деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 2 жеңіл автокөлік жолдан шығып кетті. ТЖ қызметкерлері көліктерді жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Автокөлік салонында 4 жолаушы болған. Олар медициналық көмекке жүгінген жоқ.

Нұр-Сұлтанда Алаш тасжолында автокөлік қар құрсауында қалды. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар көлік иесін құтқарды. «Арқалық-Торғай» автожолында 4 жеңіл көлік қар құрсауында қалды. ТЖД қызметкерлері 15 адамды құтқарып, қалаға жеткізді,- делінген хабарламада.

ТЖМ азаматтарға елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді. Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізген абзал.
Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны – 112.