Универсиада кезінде дирекция қызметкері қайтыс болды

«Жұмыс аяқталар кезде бір қызметкеріміз аяқ астынан есінен танып, құлап қалды. Осы жердегі дәрігер алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Жедел-жәрдем де келіп жетті. Өкінішке қарай, ешқандай нәтиже болмады. Дәрігерлер болжамы бойынша, Бауыржан Рафиковтың өлімі жүректен болған. Өз атымнан және Дирекция атынан оның туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз» , — деді Универсиада-2017 Дирекциясының директоры Наиль Нұров.

Оқиға орнына ІІД мен прокуратура қызметкерлері барған. Бауыржан Рафиковтың нақты қалай қайтыс болғанын сот медициналық сараптамасы анықтайтын болады.

 

ДереккөзBaq.kz