Алматы әкімдігі 8 наурызда әйелдердің марш өткізуіне қарсы болмады

7 ақпанда Алматы феминист белсенділері 8 наурызда әйелдер маршын өткізуге қайта сұраныс жасады. Бұл жолы құжатты Жанар Секербаева мен Мира Унгарова өткізді. Әкімдік митинг туралы ескерту мен марш өткізу туралы хабарламаны 9 ақпанда алып, бізге «митингіге келісім беретінін» айтып жауап қайтарды, — деп жазды ұйымдастырушылар Instagram-парақшасында.

Маршты ұйымдастырушылар құрамында Фариза Оспан, Лейла Махмудова, Татьяна Чернобиль, Мира Унгарова, Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаева, Елена Иванова, Жамиля Қасымхан мен Арина Осиновская бар.

Биыл марш тақырыбы әйелдердің мемлекет басқару ісіне араласуы туралы болады.

1990 жылдан бері Қазақстан әйелдердің мемлекет басқару ісіне қатысу деңгейін (мәслихаттар, әкімшіліктер, министірліктер, мәжіліс, сенат және басқа да мемлекет басқару институттарында) 30%-ке жеткізе алмай келе жатыр. Бұл көрсеткіш әйел құқығын қорғаушылар мен кризистік орталық басшылары кеңінен талқылап жүрген гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін ғана туғызып қоймайды, сонымен қатар көпбалалы аналар, әйелдердің ауыр экономикалық жағдайы, саяси қуғын көрген әйел, жалғызбасты әйел, АИТВ диагнозы бар әйел, есірткі қолданатын әйел және басқа да әйелдердің осы заманда басына түскен ауыр мәселелерін туғызып отыр, — делінген жазбада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 8 наурыз | 8 марта | Алматы (@8marchkz)

Айта кетейік, Алматыда былтыр 8 наурызда болған маршқа 1 000-ға жуық адам қатысқан.