Мақсат Қиқымов Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Мақсат Қиқымов 14 ақпаннан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетеді. Бүгін — соңғы жұмыс күні.

Ол әріптестері мен қала тұрғындарына бірігіп істеген жұмысы үшін алғыс айтты.

Бүгін Алматы әкімінің орынбасары лауазымындағы соңғы күнім. 10 жыл бойы оңтүстік астана әкімдігінде үздіксіз жұмыс істедім. Осы уақыт ішінде сіздермен бірге қаламыздың игілігі үшін көп нәрсе жасай алдық. Қолдау көрсетіп, байланыс орнатқандарыңызға рахмет! (…) Сонымен бірге Бақытжан Сағынтаевқа, барлық әріптесіме, әкімдік қызметкерлеріне, мәслихат депутаттарына, қоғамдық кеңеске, қоғамдық ұйымдарға, коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелерге алғыс білдіремін», — деп жазды Мақсат Қиқымов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kikimov_maksat

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, Тұран университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еске салайық, мұның алдында Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қызметінен кетті. Ол президент жарлығымен орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып тағайындалды.