Мақсат Қиқымов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Мақсат Қиқымов тағайындалды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол мұның алдында Алматының Жетісу ауданы әкімі қызметін атқарды.

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы экономика және статистика академиясының, «Тұран» университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.