Минниханов Тоқаевты «Дуслык» орденімен марапаттады

Қазақстан президентіне бұл орден ынтымақтастықты дамытуға, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілді, — деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Рустам Минниханов
Қасым-Жомарт Тоқаев және Рустам Минниханов. Фото: Akorda.kz

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барды.

Кеше, 10 ақпанда Редей президенті Владимир Путинмен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне қаңтар оқиғасында қаза болғандардың көп екені «жанына бататынын» айтты. Ал Владимир Путин Қазақстанды ел ішіндегі күрделі жағдайды пайдаланған қандай-да бір халықаралық бүлікшілердің құрбаны болды деп есептейді. Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет президенті 11 құжатқа қол қойды. Кейін екі ел президенті БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Кейін Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті.

Ал бүгін, 11 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан астанасы Қазанға барды. Ол Қазан кремлі аумағындағы «Құл Шариф» мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.